Ауыл әйелдері

Осал әйелдер санына қарай халықтың осы тобы басқаларына қарағанда басым түсіп жатады, себебі халықтың көп бөлігі ауылдық жердерде тұрады және олардың жартысынан көбін әйелдер мен қыз балалар құрайды. Ауыл әйелдерінің арасында ЛГБТК, АИТЖ-позитивті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі әйелдердің және басқа да халықтың осал топтарының бар екендігін ескерсек, мұндай әйелдердің көптеген кемсітушілік жағдайларға ұшырап жататындығы анық.

Ауыл әйелдері

Ауыл әйелдері бірқатар жағдайларға байланысты көптеген проблемаларға тап болып жатады. Біріншіден, бұл дұрыс дамымаған инфрақұрылым және ауылдық елді мекендердің қиын жағдайы – ауылдарда мектеп санының аздығы, тіпті кейбір ауылдарда мектеп, балабақша, аурухана, мемлкеттік мекемелер, сумен жабдықтау жүйелері, кәріз жүйелері, жолдар және т.б. мүлдем болмауы. Негізінен, ауыл әйелдері қалалық әйелдерге қарағанда көптеген нәрселерге қол жеткізе алмайды. Кедей болғандықтан көптеген қыздардың қаладағы жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері болмайды, демек олар білімді және қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болу мүмкіндігінен біржолата айрылады. Аталған жағдайлар отбасындағы зорлық-зомбылық, ең алдымен үйдегі зорлық-зомбылық қаупі сияқты өзге де проблемалардың туындауы мен дамуына әкеп соқтырады.

Әдетте, ауыл әйелдерінің құқықтары жұмысқа қабылдау, еңбекақы төлеу, әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар ресімдеу, білікті медициналық көмек алу кезінде және т.б. уақытта бұзылады. Бірақ ең алдымен олардың құқықтары зорлық-зомбылыққа тап болған уақытта бұзылып жатады. Негізінен, зорлықтың кез келген түрін бастан кешіретін қыздар, әйелдер көбінесе өз құқықтарын қорғауды бастаған уақыттан-ақ қиындықтарға тап болады. Көптеген ауыл әйелдері өз құқықтары жайлы білмейді, мысалы, өздерінің зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге құқылы екендіктерін түсінбейді! Олар өздеріне қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасаған адамның қылмыскер екендігін және жазалануы тиіс екендігін білмейді.

Әдетте ауыл әйелдерінің құқықтары шектеулі болады және бұған әйелдердің рөлдерін кемсітетін ескі нанымдар, дәстүрлер үлкен ықпал етеді. Осы жағдайларға байланысты ауыл әйелдерінің өздерінің білімі мен кәсіби деңгейлерін көтеру үшін оқу курстары, семинарлар, тренингтерге бару мүмкіндіктері де шектеулі болады, жиі жағдайда оларға тіпті көшеге шығуға, туыстары, құрбыларымен араласуға да тыйым салынып жатады.

Зорлық-зомбылық айғақтарын жасырып қалуға көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде кеңінен тараған факторларға – әйелдердің өз құқықтарын білмеуі және ауылда олардың құқықтарын қорғайтын орынның болмауы кіреді, оған қоса «ұят» болады деген түсінік тағы бар. Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, зорлық-зомбылықтың бастапқы себебі гендерлік теңсіздік болып табылады. Ауыл халқының тұтастай халыққа деген қарым-қатынасын өзгерту үшін оларға ақпарат беру керек, әйелдерге олардың құқықтары туралы айту қажет, зорлық-зомбылық құрбандарының өз құқықтарын қорғауға, өз проблемаларын ұялмай айтуға деген ниетін ояту керек.

Не істеуге және қайда жүгінуге болады?

Ауылдағы әйелдер зорлық-зомбылық көргендігі туралы арызбен қайда жүгіне алады? Заңгер болмаса, полицияға хабарлауы қажет. Бұл ретте өзіне уақытша баспана табу керек, өзі тұратын ауыл мен жәбірлеушіден алыс жерде орналасқан оңалту орталығына баруға болады. Полицияға арыз бергеннен кейін сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы алу (немесе талап ету) қажет. Полиция мұндай қаулы бермейтін болса, онда әйел полицияның қылмыскерді жасырып отырғандығы туралы бірден прокуратураға шағымдана алады. Қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Пайдалы ақпарат

Прокуратура тиісті шаралар қабылдамайтын жағдайда, әйел нақты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі мен салғырттығына қатысты сотқа шағымдануы керек, судьяға оларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдіруі қажет.
Сонда олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Қылмыс жеңіл дене жарақаттарын келтіру, намысына тию түріндегі әкімшілік қылмысқа жататын болса және әйелдің арызы тіркелген болса, онда әдетте, полиция күйеуін әкімшілік жауапкершілікке тарту және сот арқылы әкімшілік тәртіпте ұйғарым ресімдеу тәрізді белгілі шараларды қолға алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда өз құқықтарыңызды қалай қорғау керектігі туралы мына жерден біле аласыз.

Қатысты мақалалар

Кітапханаға ауысу Оқу

Бөлімді таңдап алыңыз