Қамаудағы әйелдер
The World Prison Brief мәліметтері бойынша 2018 жылдың соңында Қазақстан жалпы саны 33989 1 адамды құрайтын қамаудағы адамдар саны жөнінен 49 орында. Қамаудағы әйелдер – бас бостандығынан айыру және шектеу орындары, түрмелер, колониялар деп аталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан әйелдер. Бұл адамдар осал адамдар тобына жатады, өйткені, біріншіден, бостандықта емес – жабық мекеме ішінде болады, олардың емін-еркін жүру мүмкіндіктері шектелген, сонымен қатар оларға өз істері бойынша балама сараптаманы таңдау мүмкіндігі берілмеген, олар өздерінің қалауы бойынша медициналық көмек ала алмайды.

Қамаудағы әйелдер

Сондай-ақ, әйелдің мүмкіндігі шектеулі болса, АИТЖ-позитивті, ЛГБТ, сонымен бірге кәмелетке толмаған болса – онда ол өзінің жыныстық, сексуалдық бағыты, АИТЖ-мәртебесі, шектеулі мүмкіндіктері мен жасына қарай көптеген кемсітушілікке тап болып жатады. Өкінішке орай, қазақстандық түрмелерде әлі де зорлық-зомбылық жағдайлары, тек физикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ сексуалдық, психологиялық зорлық жағдайлары көптеп кездеседі. Осы ретте, жабық мекемелерде орын алған зорлық-зомбылық жағдайларының да азаптау әрекеттеріне жататындығын есте сақтаған жөн.

Penal Reform International өкілдігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылы Орта Азияда азаптау айғақтары бойынша 640 қылмыстық іс қозғалған, алайда тергеу барысында деректердің расталмауы себебінен сотқа тек 13 іс қана жеткен. Сонымен бірге, ұйым колониялардағы қайтыс болу жағдайлары тәрізді айғаққа да назар аударады – 2017 жылғы мәліметтерге қарағанда, соңғы 12 жылда қазақстандық түрмелерде 4062 адам 2 қайтыс болған.

Саясат көрсетіп отырғандай, қамаудағы адамдар өздерінің қызмет дәрежесін теріс пайдаланатын қызметкерлердің тарапынан кемсітушілік жағдайларға тап болады, мұндай қызметкерлер өз кезегінде болған жайтты жария қылмауға тырысады. Себебі мұндай іс-әрекеттері үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Не істеуге және қайда жүгінуге болады?

Егер сіз қамауда болған уақытта өзге адамдар тарапынан кемсітушілік, зорлық-зомбылық жағдайларына тап болатын болсаңыз, өз құқықтарыңызды қорғау үшін Сізге ең алдымен арыз жазып, оны арнайы бөлімге өткізу қажет. Сіз шағым жасай алатын инстанцияны таңдау нақты жағдайға байланысты болады; Сіз осы мекемеде заңның сақталуын қадағалайтын прокуратураға, ҚР ҚАЖ (ҚАЖД, ҚАЖК) жоғарғы органға, осы аумақтағы құқық қорғау ұйымына (ҚБК, ҰАМ), сондай-ақ сотқа шағымдана аласыз. Сондай-ақ, егер Сіз қажет деп санасаңыз, бір уақытта осы инстанциядардың барлығына жүгіне аласыз. Әкімшілік Сізге аталған органдардың деректемелерін беруге және Сіздің шағымыңызды «бір күннен кешіктірмей» адресатқа (ҚР ІІМ №819 Бұйрығы, 14 б., 71,7 2 т.) жіберуге міндетті болады. Сіздің шағымдарыңыздың мекемеден «шықпай қалуы» да әбден мүмкін, өкінішке орай, мұндай жағдайлар ҚР ҚАЖ мекемелерінде жиі кездеседі.

Сіз мұны Сізге қандай да бір себеппен мекеменің арнайы есепке алу бөлімі Сіздің шағымыңыздың жіберілгендігі туралы хабарлама бермей қойған уақытта түсінесіз. Мұндай жағдайда мекеме әкімшілігінің Сіздің шағым жасау құқығыныңызға кедергі келтіріп отырғандығы туралы ақпаратты қоса отырып, тағы екі дана шағым дайындауға кеңес береміз. «Тақырыпшаға» (жіберілетін органның атауын көрсету үшін) орын қалдырыңыз және шағымның берілген күнін жазбаңыз.Ерте ме, кеш пе, мекемеге қандай да бір комиссия келеді, және Сіз сол комиссияға шағымыңызды беруге болады деп есептеңіз, оның қабылдауына барыңыз. Өзіңіздің шағым жасауыңызға себеп болған жағдайларды ауызша айтып бергеннен кейін, Сіз дәл сол жерде өзіңіздің алдын ала дайындап қойған екі шағымыңызға да адресаттың («кімге») деректемелерін толтырып жазып, берілген күнін көрсетіп өткізе аласыз және міндетті түрде – «сізде қалатын» екінші данасына шағымның қабылданғандығы туралы белгі қойдырып алыңыз: тегі, қызметі, қолы, күні. Әдетте, осындай сыпайы әрі сауатты түрдегі табандылық өз нәтижесін береді. Өз өтінішіңізді адресатқа жібере алмай қалсаңыз, болып жатқан оқиға туралы Сізге көмектесе алатын туыстарыңыз, достарыңыз, жақындарыңызға айтып беріңіз, солар арқылы әрекет жасаңыз немесе адвокат жалдаңыз.

Қамаудағы адамдардың құқықтарын қорғаудың тағы бір осыған ұқсас амалы ретінде құқық қорғаушылар олар үшін сенім телефонын орнатуды ұсынады, алайда, олар тыңдалуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде қайтадан виктимдеу қаупі туындайды, яғни, қамаудағы адамдар қайтадан азаптау мен зорлық-зомбылық құрбандарына айналуы мүмкін.

Әкімшіліктің жекелеген қызметкерлерінің заңсыз талаптарды орындауға мәжбүрлеу айғақтарына қатысты әрекет етудің біршама «жұмсақ» әдісін де қолдануға болады. Бұл жағдайда болған оқиғаны сипаттай отырып және бұл қызметкердің мұндай талаптарды қандай нормативтік құжаттың негізінде қойғандығын көрсету туралы өтінішпен мекеме басшысының атына шағым емес, өтініш жазу керек. Кез келген басқа да ақпарат сияқты, Сіз бұндай ақпаратты ҚР ҚАК 10 б. 1 бөлігінің 2 тармағы негізінде сұратуға құқылы боласыз. Қойылып отырған талаптардың заңды екендігіне күмәніңіздің бар екендігін, осындай талаптар (нұсқаулар) қойған қызметкердің мұндай талаптардың заңдылығын дәлелдеуден бас тартқандығын; бұл жағдайдың Сіздің адамдық қасиеттеріңізге қолсұғылмаушылық құқығыңызды бұзуы мүмкін екендігін (ҚР ҚАК 10 б. 1 б. 4 т.) және сол себепті Сіздің ҚР заңнамасында қарастырылған мерзімде, демек өтінішті алған уақыттан бастап 15 күннің ішінде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұрайтындығыңызды атап көрсетіңіз. Сізді әңгімелесу үшін шақырулары әбден мүмкін; ағымдағы жағдайларға қарай әрі қарай шешім қабылдаңыз.

Қамаудағы адамдардың ең көп тараған қателіктерінің бірі оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал (акт, рапорт) құрылатын уақытта жазбаша түсініктеме беруден бас тарту болып табылады. Түсініктеме жазудан бас тарту Сізді болған оқиғаға қатысты өз пікіріңізді білдіру, өзіңіздің айтып отырған нәрсеңіздің дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкіндігінен айырады. Сіздің түсініктемеңіздің болмауы әкімшіліктің материал ресімдеу жұмысын жеңілтеді және Сіздің өзіңізді ақтап алу үшін «айтар сөзіңіздің жоқ екендігін» білдіреді. Сіздің түсініктемеңіздің орнына түсініктеме беруден бас тарту туралы акт құрылады және Сіз Сізге жаза тағайындау туралы қаулымен танысудан бас тартқан жағдайда да осындай акт құрылатын болады.

Түбінде Сіздің ісіңізге тіркелген, бірақ Сіздің есіңізден шығып кеткен немесе Сіз олар жайлы тіпті білмейтін көптеген жазалардың тағайындалғандығын көрген уақытта Сіз қатты таңғалатын боласыз. Бұл Сіздің бас бостандығынан айыру орнындағы өміріңізді қатты қиындатып жіберуі мүмкін. Бұзушылық жағдайы орын алған уақытта Сізге бұл жайлы және Сізге қатысты материалдың (акт, рапорт) ресімделетіндігі туралы дереу хабарлау керектігін есте сақтаған жөн. ҚР ҚАК 132 б., 1,2 бөліктеріне сай, жазалау туралы шешім қабылдайтын адам бұзушылық әрекет жасаудың барлық жағдайларын, сотталушының жеке басы, мінез-құлқын ескеруі керек. Сіздің түсініктемеңіздің болмауы келесі адамда актіде (рапортта) мазмұндалған нәрсе туралы түсініктіктің болмауына әкеледі, олар тек Сіздің түсінік беруден бас тартқандығыңызды ғана алға тартады.

Пайдалы ақпарат

Қазақстанда 2014 жылдан бастап қылмыстық тергеу органдарына келушілер мен онда жеткізілген тұлғаларды тіркеу жүйесі енгізілген және қолданылып келеді, ол онлайн 3 режимінде қадағалау мақсатында жасалған.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 5 бабына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7 бабына сәйкес, ешкімнің де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс еместігін естен шығармау керек.

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметінің барлық аспектілерін реттейтін негізгі құжаттар:

- ҚР Қылмыстық-атқару кодексі (ҚАК);

- ҚР ІІМ 17.11.2014 ж. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» №819 бұйрығы 4 (өзгертулерді қараңыз 5).

- ҚР ІІМ 18.08.2014 ж. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №508 Бұйрығы 6.

- ҚР Үкіметінің 28.11.2014 ж. «Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің....» №1255 Қаулысы 7.

Адамның өз қалпын сақтауы, оның адамдық қадір-қасиеттеріне қолсұғылмаушылық құқықтарын қоса алғанда, адамның негізгі құқықтарының оның адам болып туу айғағына қарай болатындығын білу және есте сақтау қажет. Бұл құқықтар ешқашан адамнан ажыратылмайды және бұл қағида Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген. Басқаша айтсақ, біздің еліміз өзіне адам құқытарын сақтау мен қорғау міндетін алған және бұл міндеттеме тиісті ұлттық заңнамалық актілер, ҚР Конституциясы, министрліктер мен ведомстволардың заңға бағынышты құжаттарында, мысалы ҚР ҚАК 10 бабы, 1 бөілігінің 4 тармағында бекітілген.

Осы орайда ҚА ҚАК 11 бабы, 1 бөлігі, 3 тармағына назар аудару керек, онда сотталушылардың әкімшіліктің заңды талаптарын орындау керектігі көрсетілген және әсіресе «заңды» сөзіне ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта, өкінішке орай, ҚР ҚАЖ қызметкерлерінің барлық талаптары заңды болып саналмайды. Осы ретте заңды талаптар дегеніміз – заңның белгілі бір ережелеріне, заңға бағынышты нормативтік актілерге, соның ішінде ҚР ІІМ бұйрықтарына және т.б. негізделген талаптар екендігін білген абзал. Сізге қойылып отырған талаптардың, өкімдердің және т.б. заңды екендігіне күмәніңіз болатын болса, осындай талап қойған қызметкердің осы әрекетті қандай құжаттың нормасына сай жасап отырғандығын, құжаттың толық атауы мен оның нақты бабы, бөлігі, тармағын көрсетуді сұраңыз. Қызметкердің өз талабын негіздей алмауы, бірақ оны орындауды талап етуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайда біз Сізге осындай талапты орындаудан бас тартуға кеңес бермейміз, өйткені жағдай ушығып, Сіз ашуға берілуіңіз мүмкін, ал бұндай жағдай міндетті түрде Сізге қарсы пайдаланылуы мүмкін. Тіпті Сіз бұл талапты заңсыз деп есептеген күннің өзінде талапты орындаған дұрыс болады, бірақ қызметкерге өзіңіздің бұл жағдайды заңсыз талапты орындауға мәжбүрлеу ретінде түсінетіндігіңізді, бұл жағдайдың Сіздің намысыңызға тиетіндігін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңызды бұзу (ҚР ҚАК 10 б., 1 бөлігі, 4 тармағын қараңыз), ҚР ҚАК бұзу, қызметкердің өзінің лауазымын теріс пайдалану болып есептелетіндігін, өзіңіздің тиісті органдарға шағым жасайтындығыңызды сыпайы түрде жеткізіңіз. Алдағы уақытта Сіздің сөзіңіз ескерусіз қалмау үшін міндетті түрде осындай шағым беру керек.

Әрі қарай біз сотталушылардың негізгі құқықтарын атап көрсетеміз (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ ҚР Қылмыстық-атқару кодексі, 1 бөлім, 2 тарау, 2 бап).

Сотталушылар төмендегілерге құқылы:

  1. жазаны орындайтын мекемелерден немесе органдардан жазаны өтеу тәртібі, шарттары және олардың өзгеруі туралы ақпарат алуға;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтінішхатпен жүгінуге;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігіне, олардың жоғары тұрған органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жүгінуге;
  4. өздерінің адами қадір-қасиетінің танылуына, азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатыгездік немесе адами қадір-қасиетін қорлайтын қарекеттерден немесе жазалаудан қорғануға;
  5. жазасын өтеу кезінде жеке басының қауіпсіздігіне;
  6. ана тілінде немесе өздері меңгерген кез келген басқа тілде түсініктемелер беруге және хат жазысуды жүргізуге, сондай-ақ ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен жүгінуге, заңда көзделген жағдайларда аудармашының қызметін пайдалану;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттар жасау түрінде, сондай-ақ өзге де нысандарда білікті заң көмегін алуға;
  8. денсаулығын сақтауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сәйкес білікті медициналық көмек алуға;
  9. мекеменің психологиялық қызметінің қызметкерлері және осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдар көрсететін психологиялық көмекке;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырылуға;
  11. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларына, демалуға, демалысқа, сондай-ақ еңбегіне ақы төленуге құқылары бар.

Қатысты мақалалар

Фото: Тенгриньюс Осужденную Викторию Беркходжаеву обвиняли в угрозе применения насилия. Илийский районный суд Алматинской области в ходе предварительного слушания удовлетворил ходатайство, признав нарушение конституционных прав Виктории Беркходжаевой в колонии ЛА 155/4 в поселке Заречный Алматинской области. Об этом сообщила адвокат БеркходжаевойАйман Умарова, передает корреспондент Total.kz. «Там была масса нарушений. Давно работаю, но такого бардака не видела. Илийский районный суд […]

Мақаланы толық оқу...

В то время как законодательная власть проводит гуманизацию казахстанской правовой системы, некоторые представители исполнительной власти, будто нарочно, совершают такое, от чего волосы на головах у добропорядочных граждан дыбом становятся! В последнее время отличился сотрудник Алматинского следственного изолятора – учреждения ЛА 155/18: судебно-медицинская геномная экспертиза доказала, что это именно от него родила ребенка 32-летняя осужденная Наталья […]

Мақаланы толық оқу...

Викторию обвинили в нападении на заместителя начальника колонии. Судья вернул дело прокурору. 22 января в суде Илийского района Алматинской области прошло предварительное слушание по делу Виктории Беркходжаевой, трансгендерной женщины, осужденной на семь лет за вымогательство. Её обвинили в применении насилия в отношении сотрудника учреждения ЛА 155/4. Виктории Беркходжаевой предъявили обвинения по статье 429, часть 2, […]

Мақаланы толық оқу...
Кітапханаға ауысу Оқу

Бөлімді таңдап алыңыз